• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Пікір 20 Қыркүйек, 2022

Әділ билікке апаратын жол

239 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында ұсынған сайлау циклінің кестесін өзгерту бастамасын еліміздің саяси өмірінің жаңа сапасына көшуінің жарқын кезеңі деп санауға болады.

Алдағы жылы парламенттік сай­лауда нақты саяси бәсекелестікті «мық­ты Президент – беделді Парла­мент – есеп беретін Үкімет» қуатты билік үштігін қалыптастырып, би­лікке лайықты адамдарды таңдаудың меритократиялық қағи­датын жүзеге асырады. Бұған дейін қоғам тарапынан жекелеген сая­си құзыреттіліктің әлсіздігі мен олиго­полиялығы, Үкі­мет­тің әлеуметтік да­мудың өзекті мәсе­лелерін шеше алмауы туралы шағым көп айтылып келді. Енді Президент бұл мәселені құзы­реттер, идеялар, жобалардың прак­ти­калық бәсекелестік алаңына шығаруды ұсынып отыр.

Шындап келгенде, қайта сайлану құқығынсыз бір реттік 7 жылдық мер­зімді енгізу – Қазақстанды демо­кра­тия­ландыру қадамдарының бірі және либералдық саяси реформаларды жал­ғастыру деген сөз.

Бастаманың мақсаты – билікті монополияландырудың кез келген мүмкіндігін түп тамырымен жою және биліктің әділ теңгерімін орна­ту. Бұған дейін Президенттің пар­тия жұмысына қатысуына, сондай-ақ жа­қын туыс­тары­ның саяси лауазымдарға орналасуына тыйым салынған болатын. Осылайша бұл бастама авторитаризмге және биліктің бір адамның қолында шо­ғыр­лануына тағы бір кедергі келтіреді.

Бір реттік 7 жылдық мерзім Прези­дент­тің сайлауалды бағдарламасы мен экономикалық іс-қимыл жос­парын жүзеге асыруға толығымен бағыт­талады. Сондай-ақ келесі мерзім туралы ойлау, түрлі популистік шара­лар қабылдау сияқты түрлі мәселеге алаңдамайды. Нәтижесінде, Прези­дент­тің жауапкершілігі айтарлықтай артады.

Қазіргі таңда Қазақстан түбегейлі сая­си және әлеуметтік-экономикалық жаң­­ғырту кезеңінде тұр. Осы тұрғыдан алып қарағанда Парламент бекіткен бір рет­­тік 7 жылдық президенттік өкілет­­­тікті әлеуметтік-экономикалық мәсе­ле­- лерді шешуге бағытталған қажет­ті сая­си реформалардың бір бөлігі ретін­де қа­растырған жөн.

Біріншіден, қайта сайлану құ­қы­ғынсыз бір реттік өкілеттік мерзі­мі­нің енгі­зілуі жаңа саяси модель мен пре­­зи­дент­тердің тұрақты ауысуын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, президенттік өкілет­тік­ті 7 жылға дейін ұзарту саяси тұрақты­лықты нығайтады. Әлемдік тәжіри­бе көрсетіп отырғандай, шетелдік инвес­торлар назар аударатын маңызды факторлардың бірі – саяси тұрақтылық. Тұ­рақты саяси және экономикалық жағ­дай кезінде инвесторлар өз инвес­ти­цияларына, кірістілігіне және өте­луіне сенімді болады. Инвестициялар ағы­ны­ның ұлғаюы – елдің экономикалық дамуы үшін қаржылық ресурстардың маңызды көзі.

Мәселен, бір президенттік мерзім Израиль, Армения, Мексика, Оңтүстік Корея сияқты әлемнің көптеген елде­­рінде қолданылады. Қазіргі уақытта Фра­н­цияда осы артықшылықтарға байла­нысты бір реттік 7 жылдық прези­денттік мерзімді енгізу мүмкіндігі бел­сенді талқылануда. Францияда жеті жылдық президенттік мерзім 1873 жылы биліктің ықтимал монополиялануын тежеу үшін уақытша шара ретінде қол­данылған. Осылайша өкілеттік мерзімін және қайта сайланудың еселігін өзгерту тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінде айтарлықтай ықпалды құрал деуге болады.

Сонымен қатар Конституциялық сот судьяларының өкілеттік мерзімі қай­та тағайындау мүмкіндігін қоспа­ғанда 6 жылдан 8 жылға дейін ұлғай­ты­лды. Бұл судьялардың тәуелсіз және объективті болуы үшін жаса­лған қадам. Бұл –Конституциялық сот судья­ла­ры­ның өкілеттік мерзімі оларды таға­йын­дайтын адамдардың өкілеттік мерзі­мінен асып кететін халықаралық тәжірибе.

 

Әлішер ТАСТЕНОВ,

Президент жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы