Полиамидті торлар мен пластикалық бұйымдар облыс аумағындағы Сырдария өзені мен Арал теңізі айдынының экологиялық ахуалын ауырлатып-ақ тұр.
Осыған байланысты «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігі бастама көтеріп, су ресурстарын табиғат аясына келіп демалушылар мен браконьерлерден қалған осындай зиянды заттардан қорғайтын жобаны жүзеге асыруда.
Бұл үшін USAID қорының демеушілігімен су қоймаларындағы қалдықтарды тазартуға арналған құрылғы және су астындағыны көретін камера қолданылып отыр. Қор өкілдері ауданға келген сапарында Ақшатау көліне барып, құрылғылардың жұмыс барысын көрді. Сонымен бірге «Жамбыл» өндірістік кооперативіндегі инкубациялық цех жұмысымен танысты, су тоғандарын аралады.
Жоба бойынша су ресурстарын тазалаудан бөлек алынған қалдықтар кәдеге жаратылуы керек. Бұл үшін Арал қаласында пластикалық қалдықтарды қайта өңдеп, одан өнім шығаратын цех салынады.
Қызылорда облысы