• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қыркүйек, 2022

Студенттер үйі пайдалануға берілді

463 рет
көрсетілді

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу өңірі хал­қы­ның саны жөнінен облыстағы ең ірі аудандардың бірі саналады. Содан да болса керек, ауданға студенттер үйінің керектігі жиі айтылып жүретін. Көп­тен бері жұрт­тың көкейінде жүрген мәселе оңынан шешімін тауып, жаңа нысан есігі айқара ашылды.

«Жалпы алғанда сту­денттер үйінде 120 ба­лаға арналған жатын ор­ны бар екенін айта кеткен ләзім. Тағы бір атап өтерлігі, жатақханадағы екі, үш және төрт адамға арналған бөлмелер жайлы жиһаздармен толықтай қамтамасыз етілді. Со­ны­мен қатар студенттерге қа­жетті делінген өзге де игі­ліктер қарастырылған.

Студенттер үйіндегі бөлмелер осы оқу жылынан бастап шалғайдағы елді мекеннен келетін студенттерге беріледі. Жалпы, ауданда Шу гуманитарлық колледжі мен Темір жол және Алмас колледждері бар екенін ескерсек, студенттер тара­пынан жатақханаға деген сұраныстың жоғары екенін пайымдау қиын емес. Пайдалануға беріліп отырған студенттер үйі сол қажеттілікті өтейтініне сенімім кәміл», дейді Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев.

Расында да аудандағы төрт бірдей арнаулы оқу орнында оқи­тын сту­дент­тер үшін жатақ­ха­на­­ның ашылғаны – үл­кен олжа. Мыңға жуық сту­денті бар ауданда осылайша студенттердің бас ауыртқан басты мәсе­лесі оңынан шешілді. Мем­ле­кеттік тапсырыс аясында жүзеге асы­рыл­ған жобаға 120 млн теңге қаражат жұм­­салып­ты.

 

Жамбыл облысы,

Шу ауданы