Алматыда Арт-галерея аз емес. Алайда заманауи құралдармен жабдықталған көрме өткізуге ыңғайлы кең залдарға сұраныс суретшілер тарапынан қашан да жоғары болып келеді. Жақында өнердегі қадамын жаңа бастаған, сондай-ақ қоғамға танымал, кәсіби мамандардың көрмелері мен тұсаукесерлерін өткізуге арналған жаңа галерея – көпбейінді арт-платформаға айналатын Efes Art Space кеңсе кеңістігі тұсауын кесті.
Отыз жылдан астам уақыт әлеуметтік саланың тұрақты даму стратегиясын жүзеге асырып келе жатқан Anadolu Efes Group әлемдік мәдениет пен өнердің де жанашыры. Ол әрдайым қолдаудан, шабыт беруден, жаңа мүмкіндіктер іздеу жолынан жаңылған емес, себебі мәдениетті қолдау негізінде қоғамды ағарту міндетін де арқалап, оның әлеуметтік салаға әсерін арттыруға тырысып келеді. Сол себепті Art & creative Solutions қоғамдық қорымен бірлесе отырып, кескіндеме мәдениетін қолдайтын және барлық тілек білдірушілер үшін мүлде жаңа арт-экспириенс ұсынатын жобаны ұйымдастыруды қолға алды.
Жағымды жаңалықтан ертерек құлағдар болып, Алматы қаласының орталығында жеке көрмесін өткізгісі келген суретшілер мен талантты өнер қайраткерлері бір ай бойы өз өтінімдерін жіберіп, қатысуға ниет білдірді. Мұқият іріктеуден кейін кәсіби қазылар алқасы әлеуметтік, техникалық, тұжырымдамалық және эстетикалық талап негізінде төрт жобаны таңдап алды.
Жаңа ашылған Арт-галереяда заманауи суретші Станислав Агапитов, Hvoya арт-қоғамдастығының өкілдері Екатерина Дмитриева мен Александра Шамсутдинова, өнер қайраткері Диас-Әли Қасымов және мүмкіндігі шектеулі жандар ұйымдарының өкілдері, психолог, суретші Елена Сережечкина мен «Действие Буквально» театрының суретшісі әрі актрисасы Рената Машекенова өз туындыларымен таныстырудың мүмкіндігін тапты.
Бастаманың мақсаты – өнер саласындағы қызықты идеяларға қолдау көрсету және жас таланттардың өзін, өнерін дәлелдеуіне мүмкіндік беру.
Арт-галерея алғашқы жобасын «I need the night» деген атаумен Стас Агапитовтың жұмыстарын таныстырудан бастады. «Алматыда көрме ұйымдастыруды бұрыннан армандайтын едім, тағдыр мені Эфэс-пен жолықтырды. Әр суретші үшін өзін және өнерін көрсету маңызды. Efes art space бізге жаңа жол, жаңа мүмкіндіктер ашады және қолдау көрсетеді», деді Стас Агапитов көрменің ашылу рәсімінде.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, арт-кеңістік елімізде жаңа есім, жас таланттарды таныстыруда таптырмас орынға айналады. Көрменің есігі әрқашан ашық және тамашалауға келген әр адамның эстетикалық нәр алуы үшін қолайлы ахуал қалыптастыра алады.
«Efes Art Space ұйымының идеясы – бұл көпшілікті Қазақстанда жасалған рухани өніммен мақтан етуге ынталандырудың тағы бір тәсілі. Біз үшін дарынды жастарды біріктіру дәстүрін жалғастыру өте маңызды. Біз мұнда шығармашылық кездесулер, тұсаукесерлер, конференциялар, суретшілер басқосуы және басқа да іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Компания тұрақты даму стратегиясы аясында өнерді қолдай отырып, сүйікті қаламызға шығармашылықпен, жасампаздықпен таңдандыратын және шабыт сыйлайтын ерекше тарту жасау туралы осындай шешім қабылданды», дейді маркетинг департаментінің директоры Зейнеп Эркан Альп.
Сондай-ақ Efes Kazakhstan компаниясы өнермен және шығармашылықпен байланысын арттыруда алтын көпір іспетті Efes Art Space Award сыйлығын тағайындау туралы да шешім қабылдады. Көрмелер жыл соңына дейін өткізу жоспарланған, соңыра халықтық дауыс беру негізінде ең жақсы көрме таңдалып, авторы бағалы сыйлықпен марапатталады.
Efes Kazakhstan компаниясының бұл тәжірибесі талантты бола тұра, тар шеңберде таныла алмай жүрген көркем, музыка және театр өнеріндегі жарқын есімдер мен жобаларды қолдауда өзге халықаралық компанияларға да үлгі көрсетіп отыр.
АЛМАТЫ