Қырғызстан парламентінің спикері Талант Мамытов өз еркімен отставкаға кетті. Бұл туралы ол сәрсенбі күні Жоғарғы Кеңес парламент отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отырыста сөз алған Т.Мамытов елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыруда парламент маңызды рөлге ие екенін атап өтті.
«Жоғарғы Кеңес ең қиын кезеңдерде әрқашан жауапкершілікті өз мойнына алып, ел мүддесі үшін өз міндетін атқарды», деді ол.
Сөз соңында Т.Мамытов әріптестеріне көрсетілген сенім үшін алғысын білдіріп, бұл қызметтен кету туралы шешім өз еркімен қабылданғанын баса айтты.
Т.Мамытов 2021 жылдың желтоқсанында парламенттің спикері болып сайланды.