• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Таным 05 Қазан, 2022

Корей балаларының киімі

505 рет
көрсетілді

Астанадағы Тұңғыш Президент кітапханасында «Ата-ана жүрегінің мейірімі» атты корей дәстүрлі балалар киімі көрмесінің ашылуы өтті.

Мазмұнды іс-шара атал­ған кітапхананың «Мәдениет арқылы үнқатысу» халық­аралық жобасы аясында Ко­рея Респуб­ли­­­ка­сы­ның Қа­зақ­стандағы ел­ші­­лі­гінің Корей мәдени ор­та­лы­ғы және Данкук универ­-

ситеті жанындағы Сок Джу­сон атындағы ме­мо­риал­дық музейі, сондай-ақ Ко­рея Рес­публикасының мә­де­ниет, спорт және туризм ми­нис­тр­лігі мен Корей ха­лық­аралық мәдени алмасу қоры бірлесіп ұйымдастырды.

Көрменің ашылуында Тұң­­ғыш Пре­зидент кі­тап­­­­­ханасының директоры Бақыт­жан Темірболат би­ыл Қазақстан мен Корея мем­­лекеті арасындағы дип­ло­матиялық қарым-қаты­нас­тың орнағанына отыз жыл толғанын айта ке­ліп: «Корея республикасы – елі­міз­дің сауда-экономикалық қана емес, мәдени және рухани бай­­­ланысы дамыған сыртқы саяси серіктесіміздің бірі. Екі халықтың достығы өт­кен ға­сырдың 30-40 жыл­да­рындағы ашаршылық, жер аудару және саяси қуғын-сүргін секілді қиын-қыстау кезеңнен бастау алып, сол күндері бір-біріне қол ұшын созды. Биыл елімізде Балалар жылы жарияланды, соны да ескере отырып, осы көрмені өткізіп отырмыз», деп атап өтті.

Одан кейін сөз ал­ған елі­міздегі Корея Рес­пуб­ли­ка­сы­­ның Төтенше және Өкі­летті ел­шісі Ку Хонг-сок екі мем­ле­кеттің 30 жыл­да қа­лып­­­тасқан достығы мен алдағы 30 жылдағы ты­ғыз ын­тымақтастығын ны­ғай­ту мақсатында биыл Қа­зақстан мен Корея арасында «Мә­дени ал­­масу жылы» жа­рия­лан­ған­дығын жеткізді.

«Бүгінгі көрмені Дүние­жүзілік балаларды қорғау күнінің 100 жылдығы мен Қа­зақстанда Балалар жылы аясында ұйымдастырып, қа­зақ­стандықтарға корейдің дәстүрлі балалар киімдерін ұсынып отырмыз.

Балалар – әр отбасының қуанышы мен үміті ғана емес болашағымыз. Ұсы­ныл­ған экспозициялар корей мәде­ниеті мен дәстүрінің сұ­лу­лығын сезіндіреді деп сене­мін», деді елші.

Көрмеге Корей дәстүрлі балалар киім­дерінің арте­фактілері мен репро­дукция­лары және XVIII-XIX ғасыр­ларда ата-аналар өз балаларына арнап тіккен киімдері мен жасаған құрал-жабдықтары қойылды. Осы жәдігерлер корей ата-аналарының өз балаларына деген махаббаты мен қамқорлығын, үміті мен сенімін айшықты көрсете алды. Сондай-ақ іс-шара аясында «кымгван» және «хвагван» атты корей дәстүрлі бас киімдерін дайындау құпиясын білгісі келгендерге шеберлік сабағы ұйымдас­тырылды.