• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 07 Қазан, 2022

Үздік педагогке – жеңіл көлік

271 рет
көрсетілді

Биыл Алматы облысының білім саласындағы бюджеті 274,7 млрд теңгені құрады. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 34 млрд теңгеге артық. Бөлінген қаржының 4,6 млрд теңгесі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және 2,7 млрд теңгесі оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға жұмсалады.

Биыл жергілікті бюджет есе­бі­нен жаңа модификациялық каби­нет­тер сатып алуға 1 063,3 млрд теңге қа­ражат бөлініп, жыл соңына дейін 102 пән кабинеті толықтай жаб­дық­та­лады. Жалпы, Алматы облысы – тұрғындар тығыз орналасқан өңір. Мұн­­дағы демографиялық өсім мен ішкі миграцияға байланысты жыл са­йын оқушылар саны артып келеді. Сон­дық­тан да өңірде үш ауы­сымды мектеп санын азайту әлі күнге күн тәртібінен түскен емес. Бүгінде 54 білім ұясының үш ауысымда жұмыс істеп тұрғаны тағы рас. Яғни облыстағы мектептерде 23 273 оқушы орны тапшылығы бар. Бүгінде үш ауысымда білім беру мен оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында 2022-2025 жылдар аралығында 62 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Биылдың өзінде 20 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр.

– Соңғы үш жылда педагогтердің жалақысы 75 пайызға көтерілді, келер жылдың қаңтарында тағы 25 пайызға артады. Бесінші жыл қатарынан жаңа форматта біліктілік деңгейін рас­та­ған педагогтердің жалақысы 30-50 па­йызға артты. Қазір облыстағы 31 193 ұстаздың 9 331-і модератор, сарап­шы, зерттеуші, шебер санатында. Ма­гистр-педагогтерге 10 АЕК кө­ле­мін­де қосымша ақы төленеді, – деді облыс ұстаздарын құттықтаған жиында облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев.

Өңір педагогтерінің салтанатты басқосуында Алматы облысының «Үздік ұстазы» анықталды. Бұл құр­мет­ті атаққа биыл Іле ауданындағы №40 мектебінің физика пәнінің мұғалімі Балауса Саримова лайық деп та­ныл­­ды. Мақтаулы мұғалімге Марат Сұлтанғазиев жеңіл көліктің кілтін тапсырды. Сонымен қатар облыс әкімі білім беру жүйесін дамытуға, рухани, адамгершілік тәлім-тәрбие беруге үлес қосқан бірқатар ұстазды Алғысхатпен, құрмет грамотасымен марапаттады.

 

Алматы облысы