• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Тағайындау 11 Қазан, 2022

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі тағайындалды

184 рет
көрсетілді

Үкімет қаулысымен Шаққалиев Арман Абайұлы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» ААҚ заң кеңесшісі болып бастаған. 

2001-2002 жылдары – ҚР Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттіктің бас маманы, бөлім бастығы.

2002-2004 жылдары – ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеттің дәрменсіз кәсіпорындарды талдау және мониторингілеу басқармасының басшысы.

2004-2006 жылдары – «Қазақстан метрология институты» РМК директоры.

2006-2007 жылдары – Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.

2007-2008 жылдары Қаржы, Экономика және Бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, «ҚазАгро» холдингі құрылымдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2008-2016 жылдары — «Қазақстан стандарттау және метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры.

2016-2018 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы.

2019-2020 жылдары ҚР сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2020 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Мәскеу қ. Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр) болды.

Бұрын осы лауазымды атқарған Баттақов Ерлан Еркінұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен босатылды.