• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2010

КЕМШІЛІКТЕР МЕН ҚАЙШЫЛЫҚТАР КӨП

815 рет
көрсетілді

Кеше Бас прокуратураның кезекті алқа мәжілісі өтіп, онда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдардағы әкімшілік заңдарды қолданудағы заңдылықтың жай-күйі қарастырылды. Оған Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Жоғарғы Соттың өкілдері, Әділет, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар  министрліктерінің жауапты адамдары және басқалар қатысты. Құзыретті органдардың қол­да­нып отырған шараларына қара­мас­тан, автомобиль қозға­лысы сала­сында апатты жағ­дайлар мен адам шығындары түбегейлі жой­ыл­май отыр. Осыған орай, алқаға қатысу­шы­лар қаралып отырған мәселенің және оған қатысты заңдарды одан әрі жетілдірудің, уәкілетті мемле­кеттік органдардың қыз­меттерінің тиімділігін көтеру­дің өзектілігін атап көрсетті. Жол полициясы органдарының апатты­лықтың жалпы көрінісін беретін есепке алу-тіркеу жұмысындағы елеулі кемшілік­тері де қадап айтылды. Сондай-ақ, алқаға қатысу­шы­лар жол полициясы, Кеден ко­ми­теті, Төтенше жағдайлар ми­нистр­лігінің өрт қадағалау, мемлекеттік сәу­лет-құрылыс бақылау орган­дары­ның әкімшілік заңдарын қолдану кезіндегі азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін де тал­қылады. Бас Прокурор Қ.Мәми уәкілетті органдардан жол қауіп­сіздігінің жоғары деңгейін қам­тамасыз етуді, ведомстволық ак­ті­лерде орын алып отырған олқы­лық­тар мен қарама-қайшы­лық­тарды жоюды, сондай-ақ әкім­ші­лік материал­дарды қарау бары­сын­да заңды­лықтың бұзылу фак­тілерін бол­дырмауды талап етті. Осының нәтижесінде жол қоз­ға­лы­сы саласындағы есепке алу-тіркеу тәртібін жетілдіруге, осы ба­ғыт бойынша ведомстволық ба­қылау мен прокурорлық қадаға­лау­ды күшейтуге, сондай-ақ әкім­шілік өндіріске тартылған азамат­тардың құқықтарын қорғауға ба­ғытталған шешім қабылданды, деп хабар­лады Бас прокуратураның баспа­сөз қызметі.