• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Саясат 14 Қазан, 2022

Жаңа қадам

314 рет
көрсетілді

Өңірлерде «Amanat» партиясының кезектен тыс XXIV съезі мен Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумының қорытындыларын талқылау жалғасты.

Қызылорда қаласында өткен «Bir tolqynda» облыс­тық диалог алаңының отыры­сында партия бел­сен­ділері съезд қорытын­дысын талқылады. «Жастар рухы» өңірлік филиалы­ның төрағасы Медет Жора­бектің айтуынша, съезде қа­был­данған саяси тұғыр­нама ел дамуының негізгі бағыттары мен саяси бір­лестік қағидаттарын айқын­дайды. Ол сондай-ақ халық­тық коалиция форумы туралы өз әсерімен бөлісті.

«Мемлекет басшысы айтқан ұлтты ұйыстырудың 7 қағидасы – реформалар бағытын тереңдету және қоғамымызды демокра­тия­ландыруға ұмтылу. Прези­дент қиындықтарды бірге еңсеруіміз қажет деді. Ол өзара қолдауды, сенім мен ынтымақтастықты ең құн­ды қасиеттер деп атады. Осы орайда реформаларды жүзеге асыруда жастар шешуші рөл атқаратынына сенімдімін», деді ол.

Ал Тараз қалалық Достық үйінде съезд деле­гат­­т­ары, форумға қатысу­шылар, ҮЕҰ өкілдері және бел­сенді жастардың қаты­суы­мен дөңгелек үстел өтті. Басқосу барысында «Қоғамдық келісім» облыс­тық филиалының басшысы Мүбәрак Жинақбаева алдағы сайлау науқаны ашық әрі әділ өтетініне сенім білдірді.

«Съезд жұмысынан ай­рық­ша әсер алдым. Бұл – Қазақстанның дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанының айғағы. Ал­дымызда саяси және эко­номикалық реформаларды табысты іске асыру, Жаңа Әділетті Қазақстан құру міндеті тұр. Этносаралық келі­сімді сақтап қалу үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ру­хани үндестік – бірліктің бас­тауы» қағидатын ұсын­ды. Біз ұлтаралық диалог­ті сақтап, барынша нығай­туымыз керек», деді ол.

Өз кезегінде Тараз қала­лық мәслихатының хат­шысы Батырбек Күле­кеев жиналғандарға Қасым-Жомарт Тоқаевты пре­зи­денттікке кандидат ретінде ұсыну туралы ше­шім­ді ха­лық­тық коалиция фо­ру­­мы­ның барлық қаты­су­шы­сы бірауыздан қолда­ға­­нын жеткізді. «Мен Қасым-Жомарт Тоқаев сынды көр­некті саясаткердің, тәжі­рибелі дипломаттың, мемлекет қайраткерінің кандидатурасын қолдаймын», деді ол.

Шымкентте партиялық­тар «Бал текстиль» кілем фабрикасының ұжымы­мен кездесті. XXIV съезд делегаты, «Amanat» пар­тиясының мүшесі Раушан Жиренованың айтуынша, алдағы сайлау – Тәуелсіз Қазақ­стан үшін үлкен сая­си қадам. «Негізгі мақсат­тардың бірі – Әділетті Қазақ­стан құру. Шынында да, әділеттілік бар жерде ғана заң үстемдігі, тұрақтылық орнайды. Сондай қоғам ғана алға басады», деді ол.