• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Қазан, 2022

Жалғыз жүлде – жұбаныш

120 рет
көрсетілді

Бұл күндері Испанияның Пон­те­ведра қаласында өтіп жатқан жас­­тар ара­сындағы (U-23) әлем бі­рін­шілігін Қазақстанның грек-рим күресі ше­берлері бір ғана жүлдемен қоры­тын­дылады.

 

60 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан Олжас Сұлтан тұсаукесер кездесуінде әзер­байжандық Нихат Маммадлиге (0:5) есе жіберді. Қарсыласының финалға шығуының арқа­сында қандасымыз жұбаныш бел­десулеріне қатысу құқығына ие болды. Өз мүм­­кіндігін Олжас ұтымды пайдаланып, үн­діс­тандық Сумит Сутмит (8:0) пен Нур­мухам­­мет Абдуллаевтың (8:0) аяғын көктен кел­тірді. Нәтижесінде қазақ балуаны қола медальды мойнында жарқыратты. Дәл сондай мүмкіндік Мақсат Сайлауда да болды. 87 кило салмақта сынға түскен ол бастапқы белдесулерінде үнділік Кумар Сунил (4:0) мен ирандық Аболфази Әли Шоубаниді (9:4) шаң қаптырғанымен, жартылай финалда армениялық Геворг Тадевосянға (4:6) жол берді. Ал қола медаль үшін тартыста Мақсат нидер­­ландтық Марсель Стеркенбургтен (1:9) ой­сы­рай ұтылып, бесінші орынды қанағат тұтты.