• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қазан, 2022

Азаттыққа ұмтылыс Желтоқсан оқиғасы кезінде айқын көрінді – Тоқаев

651 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Азаттық Қазақстанға кездейсоқ бұйырды, еліміз тәуелсіздігін ең соңғы болып жариялады» деген тұжырымға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақта «Егемен болмай, ел болмас» деген терең мағыналы сөз бар. Кейде «Азаттық Қазақстанға кездейсоқ бұйырды, еліміз тәуелсіздігін ең соңғы болып жариялады» деген біржақты, үстірт тұжырымдар айтылып қалатыны жасырын емес. Бұл – сол кездегі жағдайды дұрыс бағамдай алмаған адамдардың сөзі», деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар егемендікке бастайтын қасиетті жолды халқымыз ұзақ жылдар бойы жүріп өткенін еске салды.

«Ел ағалары және зиялылар ұлттың санасын сақтау үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Елдің рухын көтеретін астарлы көркем шығармалар жарық көрді. Ұлтымыздың азаттыққа деген ұмтылысы Желтоқсан оқиғасы кезінде айқын көрінді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.