• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Саясат 29 Қазан, 2022

Өзбекстан парламентшілері Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалады

253 рет
көрсетілді

Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесу кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әділетті Қазақстанды құру жолында жүргізіп жатқан ауқымды реформаларының маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ, Танзила Нарбаева Қазақстан тарапын ірі халықаралық іс-шараларды, соның ішінде биылғы жылдың қыркүйек айында өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезін сәтті өткізуімен құттықтады.

«Қазақстан әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар келгісі келетін, соның ішінде Президенттеріңіздің бастамасымен жүргізіліп жатқан өзгерістермен танысуға ынталы адамдардың басын қосатын ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастырушы және өткізуші орталыққа айналуда. Қазақстан Конституциясына бүкіл елдің игілігіне қызмет ететін маңызды өзгерістер енгізе алды. Біз елдеріңізде болып жатқан өзгерістерді мұқият қадағалап отырмыз», деді Танзила Нарбаева.

Әңгімелесу барысында Парламенттер палаталарының басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия жұмысының оң динамикасын атап өтіп, оның екі палатаның өзара іс-қимылына жүйелі сипат беретінін, атап айтқанда, парламенттік бақылау жұмысын күшейтуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

«Біз заң шығару жұмысында тәжірибе алмасуға мүдделіміз, себебі біздің елдердегі проблемаларды шешу мен жағдайды бағдарлауда көзқарастары ұқсас келеді. Тиісті комитеттердің, оның ішінде кеңестер мен мәслихаттардың, жастар мен әйелдер ұйымдарының өңірлік ынтымақтастығы бойынша өзара іс-қимылын күшейту маңызды», деді Танзила Нарбаева.

Ол сондай-ақ 2023 жылы Өзбекстанда Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізуді ұсынды.

Өз кезегінде Мәулен Әшімбаев Танзила Нарбаеваға парламентаралық ынтымақтастықты құрудағы ашықтығы және бастама көтерген жобалары үшін алғысын білдірді.