• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Саясат 01 Қараша, 2022

Басымдықтар талқыланды

91 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері өңірлерде сайлаушылармен кездесуді жалғастырып келеді. Кеше кандидаттың жақтастары Қарағандыға келіп, өңірдің бизнес-қауымдастығымен, шахтерлерімен және студент жастарымен кездесті.

Қарағанды облысының кәсіп­керлерімен әңгімелесу кезінде штаб мүшелері кандидат­тың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан ұлттық экономиканы дамыту және жеке бизнесті ынталандыру жөніндегі басымдықтарды талқылады.

Республикалық қоғамдық штаб­тың басшысы Ерлан Қо­шанов құрамына белгілі қоғам қай­раткерлері, Парламент Мәжілі­сінің депутаттары, сарапшылар, жур­налистер кіретін РҚШ мүше­лері өңірлерде кандидаттың сай­лауалды бағдарламасының негіз­гі ережелерін түсіндіріп, іс-шара­ларды белсенді өткізіп жат­қанын атап өтті. Үгіт-насихат нау­қанының алғашқы күн­дері ел ау­мағында 5 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасы ұйымдастырылған.

Өз кезегінде Республикалық қоғамдық штабтың мүшесі Тоқ­т­ар Әубәкіров 20 қарашада азаматтарымызды дауыс беруге ша­қыр­ды. «Бұл таңдау еліміздің алда­ғы жеті жылдағы даму бағы­тын айқындайды. Барша қазақ­стан­дықтардың азаматтық бел­сен­ділік танытып, сайлау учаске­леріне келгені маңызды», деді ол.

Сондай-ақ штаб мүшелері Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері және оқытушы-профессорлар құрамымен кездесіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға және білім беруге қатысты саясатына баса назар аударды.