• RUB:
    5.17
  • USD:
    479.05
  • EUR:
    534.57
Басты сайтқа өту
Саясат 01 Қараша, 2022

Әйелдің мүмкіндігі мол

198 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Шымкент қаласындағы тігін фабрикасының жұмысшыларымен кездесті.

Үміткер бәріне үлгеріп, табыс тауып, бала өсіріп, салт-дәстүрді сақтап, ірі кәсіпорынның жүгін көтеріп жүрген әйелдерді мақтан тұтатынын атап өтті.

– «Гауһар» – оңтүстіктегі жеңіл өнеркәсіптің флагманы. Мұнда жұмыс киімі, мектеп формасы мен тоқыма бұйым­дары әдемі әрі сапалы тігіледі. «Қазақстанда жасалған» деп мақ­танышпен айта алатын өнім­нің қалай жасалып жатқанын көру көңілге қуаныш сыйлайды. Осындай ірі әрі танымал кәсіпорынды әйел адам бас­қарып отырғаны, тіпті үлкен мақ­таныш. Көпшілік әйелдің табыс­­ты көшбасшы бола алаты­нына сенбейді. Бірақ мен се­не­мін! Әйелдің қолынан бәрі келе­ді: зауытты да, үлкен ұжым­дарды да, тіпті бүкіл елді де бас­қара алады. Әйел-ана бір қолы­мен бала тербетсе, бір қолы­мен әлемді тербетеді», деді С.Тұрсынбекова.

Кәсіпорын басшысы Әнипа Халбаева ұжымды кандидатты қолдауға шақырды. «Әйелдердің Президент болуға құқығы бар!» деді ол.

Сондай-ақ фабрика бас­шылығы кәсіпорынның са­лық­тың көптігі, білікті кадрлар­дың тапшылығы, тұрақ­сыз сала және арнайы оқу орын­дарының жетіспеушілігі сияқ­ты мәселелерге тоқталды. Ке­йін ашық әңгіме барысында тігін­шілер ұсыныстары мен сауал­дарын ортаға тастады. Әйелдер қазақстандықтардың табыс теңсіздігіне алаң­дайтыны туралы айтты.