Филиппиндегі «Налджи» тропикалық дауылы 2,41 миллионнан астам адамға әсер етті. Тәуекелдердің алдын алу және табиғи апаттарды жою жөніндегі ұлттық кеңестің есебіне сәйкес, апат салдарынан 110 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, қоныс аударған 865,9 мың адам 2,72 мың эвакуациялық орталықта орналасқан. Тағы 347,4 мыңнан астам адам үйлерін алдын ала тастап кеткен. Кем дегенде 101 адам түрлі жарақат алып, 33-і хабар-ошарсыз кетті.
Дауыл 5,03 мың үйге зақым келтіріп, 55 инфрақұрылымдық нысанға шығын келтірген. Апат салдарынан 422 жол мен 101 көпір зақымдалды. 294 қалада электрмен жабдықтаудың үзілістері тіркелді.
670 оқу орнында сабақ беру тоқтатылды. 230 кәсіпорын жұмыс істеп тұрған жоқ. Ауыл шаруашылығына келтірілген шығын 1,3 миллиард песоға ($22,37 миллион) бағаланады. Үкімет көмек көрсетуге 50,3 млн песо (8 865,8 мың) бөлді.