• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қараша, 2022

Математиктер турнирі мәреге жетті

501 рет
көрсетілді

Республика оқушылары арасында олимпиадалық рухты қалыптастыру мен математиканы насихаттауға арналған Almaty Maths Battles турнирі өз мәресіне жетті.

Алматы мектептерінің оқушылары бастамашы болған Almaty Maths Battles олимпиадалық турнирінің алғашқы кезеңі биылғы жылдың мамыр айында Республикалық физика математика мектебінде өткен болатын. Турнирге Астана, Түркістан, Алматы және басқа қалалардан жүзден астам оқушы қатысып, 24-і жүлдегер атанды. Олардың қатарында РФММ жеңімпаз деп танылса, ІІ және ІІІ орынды елордалық БИЛ және NURORDA мектептерінің командалары иеленді.

Көктемгі турнир күзгі кезеңге тың серпін беріп, осы алты ай ішінде  турнирдің танымалдылығы артты деуге негіз бар. Almaty Maths battles қазылар алқасының төрағасы, IMO (International Mathematical Olympiad) күміс жүлдегері Мирон Юркевич қазақстандық оқушылардың жоғары олимпиадалық көрсеткештерге жететініне сенім білдіріп, республика оқушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын турнирдің форматы кеңейіп келеді, деп атап өтті.

Екінші турнирге қатысуға талаптанған оқушылар да көп болды, инвесторлар тарапынан да қызығушылық артып, турнирдің жүлде қоры 1,7 млн теңгеден асты. Көктемгі турнирден айырмашылығы, қатысушылар жоғары (9-10 сыныптар) және төменгі (7-8 сыныптар) команда болып екі лигаға бөлінді. Осылайша, күзгі турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100-ден астам дарынды балалар қатысып, ақшалай сыйлыққа, кубок, медаль, оқу материалдары мен Құрмет грамоталарына ие болды. Екі лига бойынша барлығы 16 команда марапатталды. Астана қаласының дарынды жастарына арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары, жоғары және лигада да турнирдің жеңімпазы атанды. Екінші орынды БИЛ Атырау командасы және Алматы РФММ және физика-математика бағытындағы НЗМ құрамасы иеленді. Ал қалған ақшалай сыйлықтарды Алматы РФММ командалары өзара бөлісті.

Жобаның негізгі бастамашылары Алматы РФММ, HaileyBury Almaty және Miras International School оқушылары - Исатай Жақсыкелдинов (Miras International School), Глеб Патырин (Haileybury Almaty) және Назар Беркімбай (РФММ). Турнирдің қазылар алқасының құрамында математикадан халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Турнирдің барынша әділ әрі нәтижелі болуы басты назарда. Ұйымдастырушылар атап өткендей, алғашында турнирді бастау да оңайға соққан жоқ. Турнир күні бүгінге дейін жұмыс істеп келе жатқан математика әуесқойларының РФММ клубында MathClub құрудан басталды. Дәл осы клуб аясында 7-9-сынып оқушылары арасында математикалық жекпе-жек өтті. Мұндай форматтағы жарыс оқушыларды жігерлендіріп, нәтижесінде  Almaty Maths Battles турнирін өткізуге шешім қабылданды. Шетелдік математика мұғалімдерінің де қызығушылығын арттырып отырған Almaty Maths Battles турнирі бүгінде HaileyBury Almaty, Ш.Уалиханов атындағы мектептерімен және American Space коммерциялық емес ұйымымен ынтымақтастыққа қол жеткізген.

 

АЛМАТЫ