• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Пікір 04 Қараша, 2022

Адам тағдырына араша

120 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында берілген тапсырмасы бойынша Парламентте қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға рақымшылық жариялау жөнінде заң жобасы дайындалған еді. Сол құжатқа Мемлекет басшысы қол қойды.

Бұл – әрине, еліміз, халқымыз елеңдеп тосып отырған заң. Кешегі қаңтар оқи­ға­сы ел тарихындағы аса ауыр, жүре­гі­мізге үлкен жүк салған, көңі­лімізге ой салған оқи­ға болғаны белгілі.

Құжаттың маңызы мынада. Заң жобасы мыңдаған адамның тағдырына әсер етеді. Осы құжат бо­йынша 1 500 адамға ра­қым­шылық жарияланады. Аса ауыр және ауыр кінәсі барлардың жа­засы жеңілдетіледі. Ауыр кінәсі бар адамдарға жазасының төрттен үш бөлігі, аса ауыр кінәсі бар адамдардың жазасының жартысы қысқарады. Бұл ра­қым­­шылық қаңтар оқиғасын ұйым­дас­тырғандарға, терро­рис­терге, рецидивистерге, сон­дай-ақ қаңтар оқиғасына қа­­тыс­қандарды азаптағандарға қол­­­данылмайды.

Әрине, бұл – ел тағдыры. Жас­тардың тағдыры. Мемлекеттің болашағы – жастар. Президенттің жаппай тәртіпсіздікке еріп кеткен жастарымызға рақымшылық жасау жөніндегі заңға жеделдетіп қол қоюы халықтың көңіліне қуаныш ұялатады. Алдағы уа­қыт­та мем­ле­кетіміздің бола­шағы нық, се­німді, айқын болуы үшін жас­тарымызды мем­ле­кетшілдікке, отан­сүй­гіштікке, мем­лекеттің әрбір құн­­ды­лы­ғы­на үлкен сүйіс­пен­шілік көзқараспен қарауға тәр­биелеуіміз керек.

 

Аманжол ӘЛТАЙ,

Мәжіліс депутаты