• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Саясат 07 Қараша, 2022

Келісім – тұрақтылық кепілі

113 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб Жамбыл облысына барды.

Қоғамдық штаб мүшелері зиялы қауыммен, этномә­дени бірлестіктердің өкілдерімен, педагогтермен, студенттермен және облыстың көпбалалы ана­ларымен бірқатар кездесу өткізді. Этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен болған кездесуде республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов бүгінде кез келген қоғамды дамытудың басты шарты келісім екенін атап өтті.

«Адамдар бір-бірін тыңдаудан, түсінуден қалатын болса, бұл күрделі мәселенің бастауына айналады. Мұның неге әкеліп соғатынын әртүрлі елдердегі жағдайлардан көріп отырмыз. Этникалық тегіне қарамастан, еліміздің әрбір азаматына Конституциямен тең мүмкіндікке кепілдік беріледі. Бұл – болашақта да бұлжымайтын қағида», деді Ерлан Қошанов.

Бүгінде Қазақстанда 130 этнос тұрады. Жамбыл облы­сында 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Бұдан соң, штаб мүшелері өңірдегі жоғары оқу орын­дарының оқытушы-профессорлық құрамымен, студент­тер қауымымен кандидаттың сайлауалды бағдарла­ма­сының білім және ғылым саласындағы басымдықтарын тал­қы­лады. Ардагерлермен және зиялы қауым өкілдерімен кез­де­суде сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан мәдениет пен өнерді қолдау шараларына баса назар аударылды.