• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 07 Қараша, 2022

Көшпелі жиынның септігі көп

332 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясы мүшелері еліміздің өңірлерінде президент сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша көшпелі жиын өткізіп жатыр.

3-5 қарашада Ортсайлау­ком төрағасының орынбасары Конс­тантин Петров пен ОСК мү­ше­сі Сәбила Мұстафина Шығыс Қазақстан және Абай облыс­та­рында семинар-кеңес­тер өт­кізді. Іс-шараға аумақ­тық және учас­келік сайлау комиссия­лары­ның мүшелері, кандидат­тар­дың сайлау алдындағы штаб­тары­ның, БАҚ, уәкілетті мем­лекеттік органдардың, сондай-ақ ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссияларының және ТМД өкілдері қатысты.

Семинардың бірінші бөлі­мінде ОСК мүшелері уәкілет­ті мемлекеттік органдар мен сайлау комиссиялары мүше­лері­нің өңірлерде сайлаушы­лар тізімдері бойынша жүргізіп жатқан жұмысты, сайлауды ұйымдастырушылық, материал­дық-техникалық қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінің қол­жетімділігін қамтамасыз ету, сайлау үдерісіне қатысушылардың сайлау үдерісі заңдылығын сақтауын қадағалауды жүзеге асыру, дауыс беру күні сайлау учаскелерінде құқықтық тәр­тіпті қамтамасыз ету, сайлау бюл­летеньдерін күзету және жеткізу туралы баяндамалары тыңдалды.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының АСК төрағасы Е.Нәбиев облыста 537 сайлау учаскесі жұмыс істейтінін, онда 3 525 комиссия мүшесі қыз­мет ететінін хабарлады. Сай­лаушылар тізімдері 2022 жыл­дың 30 қазанында сайлау учаскелеріне берілді, ал 4 қарашадан бастап сайлаушыларға танысу үшін ұсынылды. Сондай-ақ сайлау учаскелеріне 4 967 есептен шығару куәлігі дайындалып, берілді. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету үшін 400 мың шақыру дайындалды, олар сай­лау­шылардың мекенжайлары бойынша уақтылы жеткізілмек.

Шығыс Қазақстан облысы әлеуметтік қорғау басқар­масының басшысы А.Мусинова мүгедектігі бар азаматтар дауыс беретін 284 сайлау учаскесі белгіленгенін хабарлады. Облыстың 537 сайлау учаскесінің 533-і бірінші қабаттарда орналасқан, 469 учас­ке пандустармен, 429-ы (85%) түрлі тактильді көрсеткіштермен жабдықталған. 475 учаскеде тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған сайлаушылардың, оның ішінде арбада отырған мүмкіндігі шектеулі жандарға жасырын дау­ыс беруге арналған кабиналар қарастырылған. Дауыс беру күні мүгедектігі шектеулі азаматтар тұратын 13 елді мекенде инватакси қызметі ұйымдастырылады.

Абай облысының АСК төрағасы Н.Фесенко 1 қарашадағы жағдай бойынша облыстағы сайлау комиссияларының саны – 486, комиссия мүшелері 3 290 адам екенін хабарлады. Сай­лаушылар саны 1500 адамнан асатын 125 учаскеде азаматтарды тіркеуді тексеру бойынша сервис ұйымдастырылады, 5 учас­кеде мобильдік ХҚКО жұмысы істейді.

Облыстың әлеуметтік қор­ғау ба­сқармасының басшысы А.Сұл­танова барлық учаске­лер мүгедектігі бар адамдар үшін қажетті ресурстармен жа­рақ­тандырылғанын, 434-де пан­дус­тар, 371 учаскеде тактильді көр­сет­кіштер бар екенін хабарлады.

Мүгедектігі бар азаматтарға арналған шақыру түймелері, Брайль түріндегі тактильді тақтай­ша­лар, шағылыстыратын сары жолақ­тар бар. Дауыс беру күні 16 көлік 3 елді мекенде инватакси қыз­метін көрсетеді (Семей қала­сы бойынша – 12, Аягөз ауданын­да – 3, Жарма ауданында – 1). Қал­ған өңірлерде қажет болған жағ­дайда дауыс беру кезінде мүге­дектігі бар адамдар тасымалдау­мен қамта­масыз етіледі, көлік сайлау­дың барлық кезеңінде кезекшілік етпек.

Семинар бағдарламасының екінші бөлімінде ОСК мүшелері аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары үшін кейс технологиясы негізінде іскерлік ойын түрінде тренингтер өткізді.

Осылайша, дауыс беру күніндегі іс-қимыл алгоритмі бойын­ша сайлау комиссиялары мүшелерінің практика­лық дағдылары: сайлау бюллетень­дерін беру, азаматтарды тіркеу, үй-жайдан тыс дауыс беруге арналған сайлау жәшіктерін тасымал­дау, есептен шығару куә­­ліктері бойынша дауыс беру, да­уыс беру қорытындылары бойын­ша хаттамаларды ресімдеу тек­се­рілді. ОСК мүшелері сайлау ко­мис­сиялары мүшелерінің іс-қи­мыл алгоритмі бойынша нақ­тылайтын сұрақтар қойып, дауыс беру рәсімін ұйымдастырудағы басты міндет – оның ашықтығын қамтамасыз ету екенін еске салды.

Семинарлардан кейін ОСК мүше­лері өңірлердің сайлау учас­келеріне барды. Атап айт­қан­да, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мен Абай облысы Боро­дулиха ауданының сайлау учас­келерінің дайындығы тексерілді. Сайлау комиссияларына ОСК мүшелері тарапынан әдістемелік және консультациялық көмек көрсетілді.