• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қараша, 2022

Офтальмолог мамандарға ризамын

257 рет
көрсетілді

«Екі көзің – шырағың» деп дана халқымыз біліп айтқан ғой. Көз жанарым нашарлаған соң емханаға барып қаралғанмын. Ондағы дәрігерлер катаракта деген диагноз қойды. Содан портал аштырып, жолдамамен Шымкент қаласындағы клиникалық ауруханаға қарасты екінші микрохирургия бөлімшесіне келдім. Қайта қосымша тексеруден өткен соң іле-шала көзіме операция жасалды.

Сәтті жасалған операциядан кейін де бөлім меңгерушісі Нұрлан Миятбекұлы Дәрібаев басқаратын микрохирургия бөлімшесінің қызметкерлері емді одан әрі жалғастырды, яғни тәулік бойы көз жанарымды тексеріп, тиісті емдеу шараларын қолданумен болды. Соның нәтижесінде көзім шырадай жанып, тез жазылу үшін кеңестер алып, емханадан шықтым.

Көзге операция жасауға қатысқан және емдерін аямаған дәрігер­лер Ғазиз Серікбайұлы Мейрамов, Нұркен Әділбекұлы, Әлия Әбді­мәлікқызы, Ержан Бейбітұлы Қашқынбаев, Әлия Юльчибекова, аға мейір­бике Гүлзада Бақытжанқызы Мырзалиева секілді ақ желеңді абзал жандарға алғысымды айтып, емделушілердің ақ алғысынан алқа таға беріңіздер дегім келеді. Көсегелеріңіз көгеріп, шаңырақтарыңызға Тәңірдің нұры жауа берсін.

Нашар көретін жандарға жанар мен жүрек жылуын сыйлайтын мейірімді ақ желеңділер әлбетте көбейе түссін.

 

Кәрібай ӘМЗЕҰЛЫ,

зейнеткер

 

Түркістан облысы