• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 10 Қараша, 2022

Оппозициялық кандидаттың сайлауалды науқаны қалай өтуде?

129 рет
көрсетілді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізу үстінде.

Партия төрағасы Асхат Рахимжанов Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан кандидат Нұрлан Әуесбаевтің сайлауалды науқанында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы айтып берді.

Күнтізбелік жоспар бойынша үгіт-насихат кезеңінде 58-ден астам іс-шара өткізу көзделген. Бұған сайлаушылармен, еңбек ұжымдарымен, ауыл тұрғындарымен, шағын және орта бизнес өкілдерімен, шығармашылық зиялы қауыммен, студенттермен және халықтың басқа да топтарымен кездесулер жатады.

«Осы апталар ішінде сайлауалды штаб бірқатар іс-шара өткізді, біраз өңірге сапармен барды. Атап айтқанда, Нұрлан Әуесбаев Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында кездесулер өткізді. Одан бөлек, бірқатар ауылдық елді мекендердің тұрғындарымен жүздесті», деп мәлімдеді Асхат Рахимжанов.

Аймақтық сайлауалды штабтар еліміз бойынша 30-дан астам үгіт-насихат шараларын өткізді. Мәселен, 5 қарашада ЖСДП-дан кандидат Республикалық сайлауалды штаб ұйымдастырған тығыз салынған құрылысқа қарсы бейбіт митингіге қатысты. Іс-шара астанадағы А.Пушкин мен Ш.Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысында орналасқан саябақ аумағында өтті. Митингіге 50-ге жуық адам – партия белсенділері мен қала тұрғындары қатысты. Митинг қорытындысы бойынша резолюция қабылданды. Құжатта ЖСДП тұрғын үй кешендерімен қатар, балабақша, мектеп, аурухана, саябақ салуды міндеттейтіні атап өтілген.

Резолюцияда сонымен бірге экология, қажетті инфрақұрылым құрылысы, салынатын үйлердің сапасын арттыру мәселелері де көтерілді.

Сайлаушылармен кездесу барысында кандидат сондай-ақ мемлекетте саяси реформаларды жүргізу қажеттілігін атап өтті. Қазақстандықтардың өмір сапасының стандарттарында бекітілген мемлекеттің әлеуметтік кепілдерін қолдау әрі дамыту қажет. Үкімет адал, бәсекелес бизнестің дамуына мүмкіндік бермей отырған олигархтар тобын емес, халық мүддесін қорғауға тиіс.

Нұрлан Әуесбаевтің сайлауалды бағдарламасында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттілігіне де ерекше көңіл бөлінген. Парақорларға барынша қатаң жаза тағайындап, мерзімінен бұрын босату құқығынан айыру қажет.

Нұрлан Әуесбаевтің пікірінше, жемқорлықты жеңіп, мемлекеттің басқару жүйесін өзгерткен жағдайда ғана Қазақстан еліміздің экономикалық гүлденуіне жағдай жасай алады.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Н.С.Әуесбаевтің сайлауалды штабы әзірледі. Тапсырыс беруші: Н.С.Ауесбаев. Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Н.С.Әуесбаевтің сайлау қорының қаржысынан төленді.