• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Қараша, 2022

Жүлде қоры – 5,2 миллион доллар

260 рет
көрсетілді

Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Дубай қаласында Халықаралық бокс федерациясының (IBA) конгресі өтіп, сол жерде көптеген келелі мәселе талқыланды.

Былтыр жазда өткен дәл осындай жиын барысында IBA президенті Умар Кремлев ересектер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының жалауы Өзбекстанның астанасы – Ташкентте желбірейтіні жайында мәлімдеген еді. Кеше сол жарыстың нақты уақыты белгіленді. Дүбірлі дода 1-14 мамыр аралығында өтетін болды. Былғары қолғап шеберлері үшін тағы бір қуанышты жағдай – жарыстың жүлде қоры екі есеге артты. Енді ол 5,2 миллион АҚШ долларын құрайды. Тарқатып айтсақ, әлем чемпионы атанған боксшыға 200 мың доллар табыс етілсе, күміс жүлдегер сол соманың тең жартысын иеленеді. Ал қола медальды мойнына ілген спортшы 50 мың долларды қалтасына басады.

Былтыр Белградта ұйымдастырылған әлем чемпионатының жүлде қоры 2,6 миллион АҚШ долларын құрады. Соның 100 мыңы жеңімпазға берілсе, күміс пен қола жүлдегерлер 50 және 25 мыңнан еншіледі.