• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Мамыр, 2014

Мәскеудегі дөңгелек үстел

305 рет
көрсетілді

«Россия сегодня» Халықаралық ақпарат агенттігінде Қазақстанның Ресей­дегі елшілігінің бастамасымен «Еу­ра­зия­лық экономикалық одақ: ық­пал­дас­тықтың жаңа мүм­кін­діктері» атты та­қы­рыппен дөң­гелек үстел өтті, деп ха­бар­лады Қазақ­станның Ресейдегі елші­лігі. Іс-шара барысында ресейлік және отан­дық сарапшылар Еуразиялық эко­но­микалық одақ қызметінің негіз­гі ба­ғыт­тары мен оның болашақ мүм­кін­діктері бойынша пікірлесті. Дөңгелек үстелде отандық саясат­та­нушы Нұрлан Ерімбетов, «АиФ-Қа­зақ­стан» газетінің бас редакторы Сергей Кузовников және белгілі ресейлік сарапшы Юлия Якушева, Максим Шевченко, Дмитрий Журавлев, Алексей Пилько, Ар­ка­дий Дубнов, Кирилл Привалов, сонымен қатар, БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шараның жүргізушісі ретінде атақты Ресей тілшісі әрі көсемсөзші Виталий Дымарский қызмет етсе, елшіліктің кеңесші-уәкілі Марат Сыздықов арнайы сөз сөйлеп ашып, Қазақстан Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаев Еура­зия ықпалдастық ойын алғашқы рет жария­лағаннан бері өткен 20 жылда аймақтағы елдердің өзара қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеруге барлық негізгі жағдайлар қалыптасқанын атап көрсетті. «Солтүстік-Оңтүстік» орталығының басшысы Юлия Якушева М.ВЛомоносов атын­дағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Н.Назарбаев өткен сәуірде оқыған дәрі­сінің негізгі ойларына назар аударды. «1994 жылы Нұрсұлтан Назарбаев өза­ра табысты ықпалдастық жобасының үр­ді­сін өзі белгілеген болатын. Жақында Қазақ­стан Президентінің еура­зиялық жобасы біртұтас кеден аума­ғы­нан Еура­зиялық экономикалық одақ дең­гейіне көтерілмек», деді Ю.Якушева осы орайда. Ресейлік  саясаттанушы Максим Шев­­чен­коның пікірінше, еуразиялық ықпал­дастық стратегиялық маңызы зор жанар­май, көлік және адами бірлескен қор­ларын құруға мүмкіндік беріп, елдеріміздің әлемнің дәстүрлі ықпал ету орталықтардан тәуелділігін барынша азайтады. «Әрине, Еуразиялық интеграциялық жобасының (ЕАЭО) Кеңес Одағына еш қатысы жоқ. Ол мынадай мақсатты шешуді көздейді. Біріншісі – жойылған экономикалық байланыстарды қайта қал­пына келтіру, яғни біртұтас эконо­ми­калық кеңістікті  және біріккен кеден одағын құру, бизнес жүргізуді  оңайлату. Аталған іс-шараның қорытындылары бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ болашақта Еуроодақ пен Қытай арасын байланыстырушы  орталық әрі көпір ретінде қызмет ете алады деген бірауызды тоқтамға келді.