• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 13 Қараша, 2022

Медицина нысандары көбейеді

150 рет
көрсетілді

Ел­ор­дада ме­­ди­циналық ны­сан­дарды салу және жөндеу, кадр­ларды даярлау, объек­ті­лер­ді толық жарақ­тан­ды­ру, «Қауіпсіз аула» жобасын одан әрі жандандыру қарқынды іске асып жатыр.

Бұл жөнінде елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram па­рақшасында жазды. Оның айтуынша, бүгінде медицина қызметкерлері және қала тұрғындары көтерген мәселелердің басым бөлігі шешімін тапқан.

«Біріншіден, денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұ­ры­­лымын дамыту бойынша елор­даның ауқымды жоба­ла­рының бірі темір жол ауру­ха­насының (№3 көпсалалы қалалық ауру­хана) «Ramada Plaza» ғимаратына көшуі болып са­налады. Ескі темір жол ауруханасының аумағына жаңа пе­ринаталдық орталық салынады. Өйт­кені бұл шағын ауданда осы мәселе (Сарыарқа ауданы) өте өзекті. Бұдан бөлек Алматы ауданындағы №1 көп­салалы қалалық ауруханасының жанын­да тағы бір перинаталдық орталық са­лы­нады», деді қала әкімі.

Сондай-ақ бірқатар елді мекендерде алғашқы медици­на­лық-санитарлық көмек орта­­лық­тарының құрылысы жос­­­­­­пар­лан­ған. Айталық, «Жа­ғалау-3 және «Нұрлы жол» вокзалы аумағында амбу­ла­ториялық-емханалық ке­­шен­­дерінің, Көктал-1, При­городный, Тель­ман елді мекен­де­ріндегі ме­дициналық мекемелерге жөн­деу жұмыстары жүр­гізілген.

Қадамдық қолжетімділік ая­сында соңғы үш жылда 40 «Үй жа­нындағы дәрігер» нысаны (оның 7-еуі елді мекендерде ор­наласқан) ашылған. Жеке инвес­тицияларды тарту арқылы жыл соңына дейін тағы 10 нысан ашу жос­парда тұр.

Ал медицина қызмет­кер­леріне жағ­дай жасау мәселесі бойынша Астана әкімі А.Көл­гінов: «2020 жылдан бас­­тап дәрігерлердің орташа жалақысы 60 пайызға, орта буын медицина қызмет­кер­лерінің жалақысы 50 па­йызға өсті. Келесі жылы дәрігерлердің жалақысы 35 пайызға, ал орта буын медицина қыз­меткерлерінің жала­қы­сын 10 пайызға арттыру жос­парланып отыр. Кадрларды жұ­мылдыру үшін гранттар бөлеміз. Осылайша, үш жыл ішінде жоғары білім алуға 750 грант бө­лінді. Қазіргі оқу жылына 250-ге жуық грант бөлінді. Сол сияқты меди­цина қызметкерлеріне арнап жатақхана салуды да жоспарлап отырмыз», деп жазды.

Материалдық техникалық база бо­йын­ша соңғы үш жылда меди­цина меке­ме­лері 3 мыңға жуық арнайы жабдық­пен жабдықталса, жедел меди­циналық жәрдем стансасына тағы 55 арнайы көлік берілген. Бұған дейін 100-ден астам арнайы көлік, оның ішінде 65 реанимобиль медициналық көмек стансасы тапсырылғаны айтылды.

Осылайша, сала бойынша бір­қатар мәселенің түйінін ше­шу жұмыстары қолға алын­ған кездесуде үздік медицина қызмет­кер­лері құрмет грамоталарымен марапатталды.