Шекара бекетінде оқ-дәрілерді заңсыз алып өтпек болған 35 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шемонаиха ауданы ББ кезекші бөліміне «Убе-Авто» БП кезекшісінен хабарлама келіп түсті. Кезекші облыс орталығының 35 жастағы тұрғынынан шекаралық бақылаудан өту кезінде Nissan автокөлігінің қалтасынан 2 патрон табылғанын хабарлады. Олар сараптама қорытындысына сәйкес оқ атуға жарамды 5,6 мм калибрлі шолақ мылтыққа арналған патрондар болып шықты.
Тәртіп сақшылары ер адамды полиция бөліміне жеткізген. Жауап алу кезінде ол оқ-дәрілерді шілде айының соңында Катонқарағай ауылының тауларынан тауып алғанын айтқан.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы сайланды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 286-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.