• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қараша, 2022

Қанатқақты жоба

263 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Minerals.gov.kz» жер қойнауын пайдаланушылардың бірың­ғай платформасы арқылы қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензиялар беру бойын­ша мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қанат­қақты жобаны іске қосты.

 

Бұған дейін жер қойнауын пайдаланушылар қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензия алу үшін өтініштерді беру және қарау қағидаларына сәйкес құжаттарды қағаз форматта тапсырған болатын.

Ендігі кезекте жер қойнауын пайдаланушылар үшін аталған платформа арқылы қолданыстағы қағаз нұс­қасына балама ретінде электрондық нысанда өтініш беру мүмкіндігі пайда болады.

Сондай-ақ пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму (miid.gov.kz), Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің сайттарында (mdai.gov.kz) «Minerals.gov.kz» платформасымен жұмыс істеуге арналған тиісті нұсқаулық әзірленді.