• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қараша, 2022

Президент Алматыдағы метро желісін кеңейтуді тапсырды

361 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Алматы жұртшылығымен кездесуде қалада маршруттық желі тиімді ұйымдастырылмағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жол-көлік саласындағы проблемаларды анықтау және пәрменді шешімдерді әзірлеу үшін қала тұрғындары мен тәуелсіз сарапшыларды белсенді тарту қажет. Қаладағы өмір сапасының маңызды құрамдас бөлігі - жол қозғалысының қауіпсіздігі. Оң тенденцияларға қарамастан, жол-көлік оқиғалары әлі де жиі кездеседі. Бұл аса маңызды мәселені шешу үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Адамдар - біздің басты байлығымыз», деді Президент.

Осы ретте ол полицияға жүргізуші мен жаяу жүргіншілердің мәдениетін арттыру жөнінде тапсырма берді. 

«Біз көшелеріміз бен тротуарларымыздағы қайғылы оқиғалардың санын түбегейлі азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Бүгінде Алматыда жолаушылар ағынының негізгі үлесі автобустар мен троллейбустарға тиесілі. Бұл ретте маршруттық желі тиімді ұйымдастырылмаған. Қалалық маршруттардың көпшілігі өте ұзын. Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көліктер бір-бірімен тығыз байланысты, тасымалдауға ыңғайлы көлік тораптары жоқ. Бұл жағдайды шұғыл түрде өзгерту керек. Жеке көліктерді пайдалануды азайтуды ынталандыра отырып, қоғамдық көліктің тартымдылығын дәйекті түрде арттыру қажет. Ол үшін метрополитен желісін кеңейтуді жалғастыру қажет», деді Мемлекет басшысы.