• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қараша, 2022

Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттаған

174 рет
көрсетілді

Елімізде фармацевтикалық өнімдердің бағасы 13,3 пайызға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Energyprom сарапшыларының зерттеуіне сәйкес, дәрілік заттар:

Алматыда - 17,5 пайызға; Маңғыстау облысында - 17,1 пайызға; Ақтөбе облысында - 16,7 пайызға; Жетісу облысында - 16,2 пайызға; Жамбыл облысында - 14,4 пайызға; Қызылорда облысында - 8,9 пайызға қымбаттаған.

Осы жылдың қаңтар-қазан айларында елімізде дәрі-дәрмек өндірісі құны бойынша 112 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,2 пайызға аз.

2022 жылдың тоғыз айында Қазақстанға миллиард долларлық дәрі-дәрмек импортталды. Бұл жерде заттай импорт - 17,3 пайызға, ақшалай импорт - 25,8 пайызға өсті.

ТМД елдерінен 101,3 миллион долларға 6200 тонна дәрі-дәрмек импортталды. Негізгі көлемі Ресейге келді (4600 тонна).

Сондай-ақ ТМД-дан тыс елдерден 900 миллион долларға 12 500 тонна дәрі әкелінді. Бұл жеткізушілердің арасында Қытай (2600 тонна), одан кейін Германия мен Үндістан көш бастады.