• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Қараша, 2022

Мексикалықпен жекпе-жекке шығады

186 рет
көрсетілді

Бүкіләлемдік боксшылар ұйымы (WBO) жуырда ғана орта салмақта аталған нұсқа бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғаған Жәнібек Әлімханұлын мексикалық Хайме Мунгиямен жұдырықтасуға міндеттеді.

26 жастағы Хайме Мунгия – өте мықты бокс­шы. Мексиканың Тихуана қаласының тумасы 2013 жылдан бері кәсіпқой рингте күш сынасып жүр. Осы аралықта 41 кездесу өт­кізіп, барлығында жеңіске жетті. 33 қар­сыласын есінен тандырды. 2018 жыл­дың көктемінде ол америкалық Садам Әлиді төртінші раундта ұрып жығып, бірінші орта салмақта чем­пиондық атаққа қол жеткізді. Кезінде Мунгия Лиам Смит, Брэндон Кук, Патрик Алотти, Гарри O’Салливан, Туреано Джонсон, Камил Шеремета, Габриэль Росадо, Димитриус Баллард, Джимми Келли сынды танымал бокс­шыларды оңдырмай сабаған. Соңғы рет ол өткен аптада Гвадалахарадағы жекпе-жекте Аргентинаның әлеуетті боксшысы Гонсало Гастон Корианы үшінші раундта но­­каутқа жіберді. Хайме – солақай бокс­шы. Оның бойы – 183 сантиметр. Сонымен қатар мек­сикалық мар­қасқа оң қолымен де жақсы соққы жа­сай алады.

Біздің Жәнібек те осал жігіт емес. 29 жастағы қазақтың қайсар ұлы кәсіп­қой рингтегі 13 кездесуін жеңіс­пен аяқтап, сегіз бәсекеде айқын ба­­сымдық танытты. Жоғарыдағы жа­ңа­лықты естіген бетте Жәнібек Твит­терде «Егер Мунгия келіссе, мен оны нокаутқа жіберемін. Одан кейін келесі жылдың аяғында «Канеломен» күш сынасуды көздеп отырмын», деп жазды. Енді қос тарап 15 күн аралығында ор­тақ мәмілеге келуге тиіс.