Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына әлемнің 37 елінен 44 халықаралық бұқаралық ақпарат құралының өкілі келді. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Испания, Бельгия, Аустрия және т.б. елдерден келген журналистер бар.
«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов шетелдік өкілдерді үгіт-насихат және талдау орталықтарының, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығының, байқаушылар штабы мен арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды.
Кездесу қорытындысында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері шетелдік БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, онда сайлау науқаны аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.
Жалпы, үгіт-насихат науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5 мыңнан астам ауылды аралады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллион сайлаушы қатысты.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабына халықаралық байқаушылар да келді. Олардың қатарында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблея, Америка Құрама Штаттарының және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының халықаралық байқаушылары бар. Штаб мүшелері оларды үгіт-насихат және талдау орталықтарының, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығының, байқаушылар штабының және арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды. Жалпы, үгіт-насихат науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары өткізген үгіт-насихат іс-шаралары мен кездесулер барысында азаматтардан 40 мыңнан астам ұсыныс пен тілек жиналды.