«Манчестер Юнайтед» клубы Криштиану Роналдумен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Криштиану Роналду ағылшындық клубтан кетеді. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада тараптар келісім-шартты өзара келісім бойынша бұзғаны айтылған.
Бұған португалдықтың жуырда жанжалға айналған сұхбаты себеп болған. «Манчестер Юнайтед» басшылығы Роналдуды клуб пен оның қызметкерлерін ашық сынап, еңбек шартының талаптарын бұзды деп есептейді.