• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Қараша, 2022

Аустралияға аттанады

229 рет
көрсетілді

28 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында Аустралияда теннисшілердің United Cup аралас командалық турнирінің тұ­сауы кесіледі. Бұл жарыста 18 команда бақ сынайды.

 

Жасыл құрлықтағы Сидней, Брисбен және Перт қалаларында өтетін дүбірлі дода­да Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді. Жерлестеріміз Польша және Швейцариямен бірге В тобында ойнайды. Республикалық теннис федерациясы таратқан мәліметке сүйенсек, аталған турнирде Александр Буб­лик, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Гри­горий Ломакин, Юлия Путинцева, Жібек Кұ­ламбаева және Гозаль Айнитдинова сынды танымал теннисшілер ел намысын қорғайды.

Ал өзге топтарда мына командалар өзара шеберлік байқасады: А тобы: Грекия, Бельгия, Болгария. С тобы: АҚШ, Германия, Чехия. D тобы: Испания, Аустралия, Ұлыбритания. E тобы: Италия, Бразилия, Норвегия. F тобы: Франция, Хорватия және Аргентина.