• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2014

Бундестаг депутатымен кездесті

384 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Германияның арасындағы парламентаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл, екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков пен Бундестаг депутаты Аксель Фишердің кездесуі барысында талқыланды. Кездесу кезінде И.Адырбеков Астана мен Берлин арасындағы әріптестік қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтіп, екі ел парламентшілерінің ара­сындағы өзара іс-қимылдың үдей түсетініне сенім білдірді. Атап айт­қанда, ол Еуропа Кеңесі және ЕҚЫҰ Пар­ламенттік ассамблеялары аясында Қа­зақстан мен Германияның делегациялары арасындағы жемісті ынтымақтастыққа назар аударды. А.Фишер Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың көреген саясатын және «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған идеяларының өзектілігін атап өтті. ЕКПА-дағы Германия деле­га­циясының жетекшісі ретінде ол Ас­сам­блеяның басым бағыттары бойынша Қазақстанның жұмыстарын қолдау туралы айтты. Одан басқа, неміс депутаты ЭКСПО-2017 қарсаңында ГФР кәсіп­орындарының Қазақстан экономик­асын инвестициялауға мүдделілігін нақ­тылады. Тараптар сондай-ақ, халық­аралық және аймақтық саясаттың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесуге сенаторлар Орынбай Рах­манбердиев пен Георгий Ким қа­тыс­ты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.