• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2014

Өрісі кең ықпалдастық

378 рет
көрсетілді

Өңіраралық ықпалдастық – еуразиялық инте­гра­цияның алға жылжытушы бір тетігі. Себебі, шекаралық об­лыстардың өзара әріптестік орнатуы, соның ая­сын­да кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігінің артуы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер эко­номика­ларының дамуына мүмкіндік. Кеше Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуни­кациялар қызметі ұйымдас­тыр­ған брифингке қатысқан Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтқандары, міне, осыған сайды. Брифингте сөз алған Нұр­лан Асқарұлы: «Кеше үш мем­лекеттің президенттері Еура­зиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойды. Бұл – біздің еліміз үшін, қалған екі мемлекет үшін де өзінің оң ықпалын тигізетін тарихи оқиға. Аталған бастама осыдан 20 жыл бұрын көтерілгенін тағы да айта кету керек. Сол жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Елбасы еура­зия­лық интеграция идеясын көтерген болатын. Бұл Пре­зи­денттің осыдан 20 жыл бұрын-ақ осы бастаманың өңір үшін маңыз­дылығын алдын ала болжа­ғандығын байқатады. Кеше біз соның нәтижесіне көз жет­кіздік», деді. Н.Ноғаев өз сөзінде Қазақ­стан мен Ресей президенттерінің екіжақты кездесуінде В.Путин біздің Елбасына қарата: «Бұл Сіздің өзіңіз жүргізіп отырған саясатыңыздағы жеткен же­тіс­тіктеріңіздің бірегейі», деп баға бергеніне тоқтала келе, еуразиялық интеграция аясында атқарылған жұмыстар жайында өзінің ойын жеткізді. «Президенттің тапсырмасымен көп шара қабылданды. Мәселен, 1994 жылы негізі қаланған бас­тама кезең-кезеңмен жүзе­ге асы­ры­лып, біздің кәсіпкер­лер­дің бәсекелестікке төтеп беруі үшін тиімді жағдайлар жасап, қажетті орта қалыптасты. Соның арқасында біздің бизнес­мендердің, іскер азаматтардың бәсекеге қабілеттілігі артып, ал кәсіпорындар өздерінің тауарларын сыртқа шығаратындай мүмкіндік алса, бұл үрдіс бүгін де өзінің жалғасын тауып ке­ле­ді», деді ол бұл орайдағы сөзінде. Сондай-ақ, Батыс Қазақ­стан облысының әкімі Мемле­кет басшысының тапсырмасы­мен Үкімет бизнесті қол­дау бағытында бірқатар бағдар­лама­ларды қолға алғанына тоқталды. Ол бұл ретте «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы, инфрақұрылымды дамыту, жұ­мыссыздықты азайту жөнін­дегі басқа да мемлекеттік бағ­дарламалар әкімшілік кедер­гілерді алып тастай отырып, жалпы бизнестің дамуына әсерін тигізуді көздейтінін, алдағы уақытта мұндай үдеріс жалғасын таба беретінін атап өтті. «Бұл Еуразиялық эконо­микалық одақ аясында пайда болатын кез келген кедергілерге қарсы тұруға, сол арқылы бәсе­келестікке төтеп беруге септігін тигізеді деп ойлаймын», деді ол. Әрине, Батыс Қазақстан облысы – еліміздің батыс қақпасы. Ол Ресейдің бес облысымен – Астрахань, Саратов, Волгоград, Самара, Орынбор облыстарымен шектеседі. Бұл облыс ішкі жалпы өнім көлемінің көрсеткіші бойынша, Атырау және Маңғыстау облыстарынан кейінгі 3-ші орын алады екен. Ал жалпы аймақтық өнім 2013 жылдың қорытындысы бойынша, 1 трлн. 800 млрд. теңгені құраса, бұл – жалпы жан басына шаққанда әр адамға 3 млн. теңгеден келеді деген сөз. Сондай-ақ, облыс­та үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында 26 жоба іске асырыла бастаған. Олардың жалпы құны – 287 млрд. теңге. Облыста 526 ірі өндіріс кәсіпорны және ауыл шаруашылығы бойынша 246 мекеме, көптеген шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. «Осының барлығы Елба­сының мемлекетімізді, оның ішінде Батыс Қазақстан облысы экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Демек, біз қолға алатын бастама-жобалар өңіріміздің әлеуметтік әлеуетін, тұрмыс жағдайын көтеруге бағытталатын болады», деді бұл турасында облыс басшысы. Брифинг барысында Н.Но­ғаев, сондай-ақ, жақында Ба­тыс Қазақстан облысының рес­ми делегация өкілдері көрші­лес бес облысқа сапармен барып қайтқанын, сапар бары­сында экономикалық, әлеумет­тік, білім-ғылым, спорт, гума­нитарлық, жалпы қоғамдағы бар­лық салалар бойынша өзара ық­палдастықты арттыру, жан­дан­дыру мәселелері талқылан­ғанын, бұл бойынша екіжақты келісімдерге қол қойылғанын жеткізді. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».