• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Таным 24 Қараша, 2022

«Қызыл жебенің» қолжазбасы

475 рет
көрсетілді

Мемлекет қай­рат­кері Тұрар Рысқұлов­тың кү­­реске то­лы өмір жолын су­рет­­теген «Қы­зыл жебе» рома­нын сүй­сі­ніп оқы­ма­ған қазақ кем­де-кем шығар. Бес томнан тұ­ра­тын туынды жиыр­ма жыл­ға жете­-ғабыл уақыт жа­зылған. Мұ­ны ізденіс демей не дейсің?!

Шерхан Мұртазаның әйгілі романының қолжазбасы қайда сақталған? Осы сауал кімді де болсын толғандырмай қоймасы анық. Бүгінде қолжазба қаламгер атындағы Руханият және тарихтану орталығында тұр.

«Шерағаның «Қызыл жебесіне» қатысты деректер аз емес. Қаламгер романды жазу барысында Дінмұхамед Қонаевқа кіріп, тарихи архивтердің аса құпия мәлімет сақталған бөлімдерінен мәліметтер іздеуге рұқсат алған. Қазіргі таңда аталған роман туралы Шерхан Мұртазаұлының өз қолымен жазған екі қалың қызыл дәптер табылып отыр. Оның бірі 1974 жылы, екіншісі 1978 жылы жазылып сақталған екен. Қаламгердің өз қолымен жазған дүниесі қолымыз­ға түскеніне бек қуаныштымыз», дейді Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының бөлім басшысы Назым Қожамарова өз ойымен бөлісіп.

Жалпы, қаламгер атындағы орталықта Шерағаға қатысты қызықты дүниелер аз емес. Мұнда келетін жұртшылық Шерхан Мұртазаның қолжазбасын да, басқа да деректерді қызыға тамашалайды екен. Қуаныштысы да сол.

 

Тараз