• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2014

ҮНДЕУ

502 рет
көрсетілді

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған  «Тарихтан – тағылым, өткенге – тағзым» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылардың  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа  

ҮНДЕУІ

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін атап өте отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамашы болған «Тарихтан – тағылым, өткенге – тағзым» халықаралық форумына қатысушылар, Сіздің бейбітшілік, қоғамдық келісім және ел бірлігін көздейтін саясатыңыздың маңызды басымдықтарының бірі – бүгінгі және келешек ұрпаққа үлгі болатын тарихи сананы сақтау екенін мәлімдейміз. Сіздің саяси ерік-жігеріңіздің арқа­сында Қазақстан халықаралық қоғам­дастықтың арасында толеранттылық және халықтар арасында сенімділік қоғамдық мәдениеттің нормасы болып табылатын және адамгершілікті насихаттайтын саясаты бар мемлекетке айналды. Біздің жалпыға ортақ тарихымызға объективті және шынайы көзқарасымызды қалыптастыратын және жіберілген қателіктерді қайталамау үшін сабақ болатын тоталитарлық террор, халықтардың күштеп жер аударылулары, саяси қамаулар және репрессиялар тарихын зерттеу бойынша зор еңбекті атап отырмыз. Аштық зардаптарын көргеніне қарамастан, қазақ халқының толерант­тылығы, кеңпейілдігі, даналығы және қонақжайлығының арқасында жүз мың­даған адам тірі қалып, тұтастай халықтар аман қалды. Сіздің қолдауыңызбен Қазақстанда 2010 жылдан бері «Тарихтан – тағылым, өткенге – тағзым» халықаралық акциясын өткізу дәстүрге айналды. Бүгінгі күні бүкіл халық осы акцияға қатысады, оның аясында 2123 іс-шара өт­кізіліп, олардың қызметіне 350 мың адам белсене араласады. Биыл кезекті эстафетаны Алаш ұлт-азаттық қозғалысының отаны, ұлы Абай­дың туған жері – Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы алды. Жалпыұлттық сана-сезімді дамыту, бейбітшілік, руха­ният және келісім мәдениетін нығайту бойынша тағы бір үлкен қадам жасалды. Біз, «Тарихтан – тағылым, өткенге – тағзым» халықаралық форумына қа­тысушылар, әлемде кеңінен мойындалған Сіздің қоғамдық келісім және ел бірлігін сақтаудың салиқалы саясатыңызды толық қолдайтынымызды мәлімдейміз. Біз тарихи санамызды сақтай отырып, ынтымақтастық пен сенімділіктің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру арқылы, өзіміздің ортақ мақсатымызға – Қазақстанның тұрақты дамуына және гүлденуіне қол жеткізетінімізге нық сенімдіміз! 2014 жылғы 30 мамырда, Семей қаласында өткен «Тарихтан – тағылым, өткенге – тағзым» халықаралық форумында қабылданды