• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Қараша, 2022

Футболдан әлем чемпионатында Аустралия Тунисті жеңді

198 рет
көрсетілді

Футболдан әлем чемпионатының екінші турындағы матчта Аустралия құрамасы Тунисті жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл ойын алдында D тобында Аустралия құрамасы соңғы орында тұрған. Себебі аустралиялықтар бірінші турда Франциядан 1:4 есебімен жеңіліп қалған еді. Ал Тунис бірінші турда Даниямен тең түскен болатын.

Тунис пен Аустралия матчында жанкүйерлер бір ғана гол көрді. 23-минутта Митчелл Дьюк баспен алыс бұрышты дәл көздеп, аустралиялықтарды алға шығарды - 1:0.

Осы ойыннан кейін Аустралия құрамасы D тобында екінші орынға көтерілді. Көш басындағы Франция екеуінде үш ұпайдан бар. Ал Дания мен Тунистің еншісінде бір ұпайдан.