• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 01 Желтоқсан, 2022

Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі болып қайта тағайындалды

683 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 1962 жылы Алматы облысында туған.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Мамандығы – журналист, халықаралық қатынастар маманы. Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар, саяси ғылымдардың кандидаты.

Еңбек жолын 1985 жылы Қазақ КСР Телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы болып бастады (1985-1987);

1987 - 1991 - республикалық «Лениншіл жас» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі;

1991-1994 – «Өркен», «Көкжиек» газеттерінің орынбасары, бас редакторы;

1994 - 1994 - Қазақ мемлекеттік теледидарының бас директоры;

1994 - 1994 - Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары;

1994 - 1995 - Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат комитетінің төрағасы;

1995 - 1997 - Алматы қаласы әкімінің орынбасары;

1997 - 1999 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының студенті;

1999 - 2000 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры;

2000 - 2002 - Премьер-Министр Кеңсесінің Үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі;

05.2002 - 09.2002  - Сыртқы істер министрінің кеңесшісі;

09.2002 - 12.2002 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі;

2002 - 2003 - «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі;

2003 - 2006 - Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2006 - 2008 - Қазақстанның Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, бір мезгілде Қазақстанның Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2008 - 2008 - Мәдениет және ақпарат вице-министрі;

2008 - 2009 - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Баспасөз хатшысы;

2009 - 2015 - Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2015 - 2019 - Қазақстанның Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2019 - 2022 – Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы.

2022 жылдың 11 маусымынан бастап Жетісу облысының әкімі болды.