• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 01 Желтоқсан, 2022

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінде қалды

237 рет
көрсетілді

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда дүниеге келген. 

1988 ж. – Е. А. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, құқықтанушы.

1994 ж. – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтын тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы. 

1988-1991 жж. – Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің мемлекет пен құқықтың теориясы және тарихы кафедрасының оқытушысы.

1991-1994 жж. – ҚР ҒА Мемлекет және құқық институтының аспиранты, ғылыми қызметкері.  

1994-1996 жж. – Қазақ гуманитарлық-заң университетінің мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық  факультетінің аға оқытушысы,  деканның орынбасары.

1997-1999 жж. – Қазақ гуманитарлық-заң университетінің мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық факультетінің деканы.

1999-2001 гг. – «Қазақ мемлекеттік заң академиясы» РКҚК Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры

2001-2006 жж. – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2006-2008 жж. – ҚР Әділет министрлігінің дін жөніндегі комитетінің төрағасы.  

2008-2017 жж. – Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.  

2017 жылдың наурызынан – 2019 жылдың 13 маусымына дейін – Маңғыстау облысы әкімі. 

2019 жылдың 16 қыркүйегінен – 2020 жылдың 11 ақпанына дейін -  Қазақстан Республикасы кәсіподақ федерациясының төрағасы.  

2020 жылдың 11 ақпанынан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 

2022 жылғы 31 тамыздан бері Ақтөбе облысының әкімі болып қызмет етуде.

Мемлекеттік наградалары: «Достык» II дәрежелі ордені, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медалі.