• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Тағайындау 01 Желтоқсан, 2022

Қостанай облысының әкімі тағайындалды

1020 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1965 жылдың 24 тамызында, Қостанай облысының Ленинск ауылында дүниеге келген. 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлік институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1987-1989 ж.ж - Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженері болды.

1989-1991 ж.ж - Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетінің бірінші хатшысы.

1991-1992 ж.ж - Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженері .

1992-1993 ж.ж - Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттік шағын кәсіпорынның директоры.

1993-1996 ж.ж - Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндірістік бірлестігі директорының орынбасары.

1996-1998 ж.ж - Қостанай облысы Меңдіқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президенті.

1998-2002 ж.ж - Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі.

2002-2004 ж.ж - Қостанай облысы Таран ауданының әкімі.

2004-2006 ж.ж - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2006-2010 ж.ж - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2010-2015 ж.ж - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы.

2015-2017 ж.ж - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2017 жылғы 14 наурыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.