Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ермек Маржықпаев 1969 жылы 29 тамызда дүниеге келген.
1994 ж. – С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын бітірген. 2001 жылы, 2009 жылы Көкшетау университетін тәмәмдаған.Еңбек жолын орта мектепте ұстаздықтан бастаған.
1991-1992 жж. – орта мектепте ұстаз болған.
1992-1995 жж. – «Шонай» шағын кәсіпорнының директоры.
1995-2008 жж. – «Береке-Бурабай» ЖШС-ның директоры.
2008 жылдың сәуірі – 2012 жылдың сәуірі – Аршалы ауданының әкімі.
2012 жылдың сәуірі – 2013 жылдың қыркүйегі – Зеренді ауданының әкімі.
2013 жылдың кыркүйегі – 2019 жылдың наурызы – Ақмола облысы әкімінің орынбасары
2019 жылдың 19 наурызынан бері Ақмола облысының әкімі қызметін атқарып келеді.