• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Білім 12 Желтоқсан, 2022

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 6 медаль иеленді

304 рет
көрсетілді

Бүгін қазақстандық оқушылар физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрінің жазбасына сілтеме жасап.

«Құрама қоржынында 1 күміс пен 5 қола бар. Былтыр оқушыларымыз дәл осы олимпиадада 3 қола медаль иеленген еді. Осылайша, балалар биыл рекорд жаңартты. Зияткерлік сайыс Колумбияның Богота қаласында өтті. Оған әлемнің 60 елінен 300-ге жуық бала қатысты», деп жазды Асхат Аймағамбетов.