• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 13 Желтоқсан, 2022

Тараздағы «Жайлаукөл кештері»

479 рет
көрсетілді

Таразда қазақ музыкасының корифейі, «Жайлаукөл кештері», «Еділ мен Жайық», «Даниярдың әні», «Жәмиләнің әні» секілді көптеген туындылары ән әле­мінде алтын әріппен жазылған Қазақстанның Еңбек Ері, даңқты композитор Ілия Жақановтың «Жайлаукөл кештері» атты шы­ғармашылық кеші өтті.

Іс-шара барысында Ба­ласағұн атын­дағы орталық концерт залға жи­налған жұрт­шылыққа үш бірдей жинақ та­ныстырылды. Жаңадан жа­рық көрген кітаптардың қа­тарында өнер жанашыры Қанат Ордабаевтың демеу­шілігімен жарық көрген Ілия Жақановтың шығар­малары енген «Жай­лаукөл кештері» атты жинақ бар. Одан бөлек, жазушы-журналист Қали Сәр­сенбайдың қаламынан туған «Дүлдүл», Ілия Жақановтың өзі жазған «Таңғажайып махаббат» се­кілді жинақтар да оқырман үшін үлкен олжа екені рас.

Ілия Жақановтың жан тебірентетін әндерімен әдіп­телген кеш барысында өңір бас­шысы Нұржан Нұржігітов сөз алып, дарабоз тұлғаға ізгі тілегін жеткізді.

«Қазақтың байтақ даласын ән-күйге бөлеген Біржан сал, Ақан сері, Құрманғазы, Ықылас, ХХ ға­сыр­дың корифейлері Шәм­ші мен Нұрғиса секілді өнер дүлдүлдерінің қасиетті жо­лын жалғаған қазақтың маң­дайалды композиторымен қай кезде де мақтанамыз», деді облыс әкімі.

Кеш барысында өнер жұл­­дыздары композитордың халыққа кең тараған әндерін шырқады. Көрерменнің есіне кезінде хит болған әндерді салды. «Жай­лаукөл кештері» сағыныштың сазына айналды.

 

Тараз