Ауыр атлетикадан Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті жарыс күні аяқталды. Кеше Қазақстанның екі спортшысы өнер көрсетті.
102 кило салмақта күш сынасқан Артем Антропов жұлқып көтеруде 222 килоны аспанға атып, «кіші» алтын медальды иеленді. Алайда оның алдында серпе көтеруде тым нашар нәтиже көрсеткен еді. Жаттығудың бұл түрінде Артёмнің небәрі 163 килолық зілтемірді еңсеруге шамасы жетті. Қоссайыстың қорытындысы бойынша 385 килолық көрсеткішпен Антропов алтыншы орында қалып қойды. Бұл салмақта қатарлық Фарес Эльбах қарсылас шақ келтірмеді. Ирандық Реза Дедар күміс алса, армениялық Самвел Гаспарян қолаға қол созды.
Әйелдер арасында 76 кило салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Арай Нұрлыбекова үздік ондықты түйіндеді. Оның көрсеткіші – 223 (100+123) кило. Бұл тартыста мысырлық Сара Ахмед топ жарса, америкалық Марта Энн Роджерс пен оңтүстіккореялық Ким Су Хьюн жүлдегерлер қатарына қосылды.