• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Желтоқсан, 2022

Биылғы «Қазақстан жастары» қандай?

390 рет
көрсетілді

Елордада «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен оныншы «Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасын таныстырды. Презентация барысында демография, денсаулық және бос уақыт, білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық жағдай, қауіпсіздік сияқты салаларда жастарды дамытудың басты үрдістері, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын іске асыру талқыланды.

 

Жастар және отбасы істері комитетінің Талдау және мони­торинг басқармасының жетек­шісі Ляззат Қаби «Баяндама­да келтірілген деректерді талдау және ұсыныстар стейкхол­дерлерге жастармен жұмыс­ты сапалы деңгейде жүзеге асы­руға көмектесуі керек», деп атап көрсетті. Оның сөзін­ше, ста­тистикалық және әлеумет­тану­­лық деректерді синтездеу жас­тар ортасындағы ағымдағы жағ­дайды кеңірек және шынайы қарастыруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде авторлар ұжы­мының мүшелері негізгі трендтер мен проблемалы мәселе­лер­ге назар аударды. Мәселен, «Экономикалық зерттеулер инс­титуты» АҚ Тұрақты даму мақ­саттары хатшылығы­ның ди­рек­торы Бахытгүл Хамбар «Қа­зіргі жастарды қолдау бағ­дар­ла­малары жаһандық нарық­та­ғы өзгерістерді және жастар жасын 35 жасқа дейін ұлғайтуды ескере отырып, толық қайта құру­ды қажет ететінін» атап өтті.

М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ Жоғары құқық мекте­бі­нің Қылмыстық сот төрелігі депар­та­ментінің профессоры Оксана Возняк биылғы баяндамада жастар қауіпсіздігінің маңызды мәселесі, әсіресе жас­тарға қарсы жасалған қыл­мыс­тарды бағалау және мо­ни­­то­рингілеу көрсетілгеніне тоқ­талды.

«Қазақстан жастарының құн­ды­лықтары әлі де бейсаяси салада жатыр және азаматтық-саяси проблематикамен тікелей байланысты емес. Құндылық қатарында бірінші орындарда отбасы (83,3%), денсаулық (64,2%), достық (40,7%), материалдық қамтамасыз етілген өмір (39,3%), махаббат (22,8%), қызықты жұмыс, мамандық (19,6%) және білім, оқу-ағарту (19,5%) тұрақты орын алып отыр», деді Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ Саясаттану және әлеуметтану кафедрасы­ның ассистент-профессоры Анара Мақатова.