• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 23 Желтоқсан, 2022

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті

315 рет
көрсетілді

19-23 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз жиырма төртінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындауды жалғастырды. Комиссияның 2022 жылғы жұмысы қорытындыланды. Сондай-ақ комиссияның 2023 жылға арналған жұмысының жоспар-кестесі бекітілді.

Комиссияның келесі отырысы 2023 жылғы қаңтар айының соңында Ресей Федерациясының аумағында өтеді.