Қазақстанда Парламент депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2022 жылғы 24 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірлердің, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың аумақтық сайлау комиссиялары ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына 66 кандидатты тіркеді. 130-дан астам үміткер құжаттарын тапсырды, бәсекелестік бір орынға үштен астам үміткер болды», деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров брифинг барысында.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта бәсекелестік әр мандат үшін 1,65 құрайды.
«Кандидаттардың басым бөлігі Алматы және Жамбыл облыстарында тіркелген – 5 кандидаттан. 95,55 кандидат өзін-өзі ұсынды, тек үшеуін мәслихаттар ұсынды. Үміткерлердің орташа жасы – 51,8 жас. Ең үлкені 67 жаста, ең жасы – 31 жаста. Бүгін сағат 18:00-ден бастап барлық тіркелген үміткерлер 2023 жылдың 15 қаңтарында сағат 00:00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқылы», деп қосты спикер.