• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 28 Желтоқсан, 2022

600 млрд теңгеден астам заңсыз активтер елге қайтарылды

356 рет
көрсетілді

Биыл Антикор 600 млрд теңгеден астам заңсыз активтерді мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет биыл құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтер мен ақшалай қаражаттарды мемлекетке қайтаруды қамтамасыз етті. Оларға қымбат жылжымайтын мүлік, сәнді автомобильдер, бағалы металдар мен зергерлік бұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақша кіреді», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұдан бөлек, елімізде және шетелде жалпы сомасы 360 млрд теңгеден асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен қаражат анықталды. Олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.

Президенттің тапсырмасы бойынша барлық қайтарылған активтер мектеп құрылысына бағытталады.