• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 30 Желтоқсан, 2022

ҚазТемірТранс лауазымды тұлғаларының қылмыстық схемасы әшкереленді

274 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы жүк вагон паркінің ірі операторы болып саналатын «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының лауазымды адамдарын заңсыз байытудың қылмыстық схемасы анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қоғамның және оның өңірлік филиалдарының лауазымды тұлғалары жүк вагондарының тапшылығын пайдалана отырып, кейбір жағдайларда осындай тапшылықты жасанды түрде тудырып, проблемаларды шешудің орнына, жүк вагондарын кедергісіз және жеделдетіп бергені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алғаны анықталды», делінген ANTIKOR хабарламасында.

Жемқорлық схемасына филиалдардың қызметкерлері мен басшылары, сондай-ақ бас кеңсе бөлімшелерінің менеджерлері мен бастықтары қатысты.

Ақша лауазымды тұлғалардың немесе олардың сенімді адамдарының, оның ішінде жақын туыстарының шоттарына аударылып отырған.

Қоғамның Ақмола филиалының бір ғана басшысы 2020 жылдан бастап 70 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алып, оның қомақты бөлігін Щучье-Бурабай курорттық аймағының ойын мекемелерінде жұмсаған.

Қоғамның Қарағанды филиалының бұрынғы және қазіргі басшылары да осындай қылмыстар жасады деп күдіктелуде.

Қазіргі уақытта барлық күдіктілер ұсталып, тергеу сотының санкциясымен 2 айға қамалды.